Осы жария оферта шарты осы Шартта көрсетілген шарттарда онлайн курс арқылы Қарағанды қаласы, Жақсылық Әлішер Әбілханұлы тұлғасында "Samga Education" ЖК ресми ұсынысы (жария оферта) болып табылады. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (бұдан әрі мәтін бойынша – ҚР АҚ) сәйкес адамдардың белгісіз тобына бағытталған жария оферта болып табылады.
Оферта алушы осы Шартта көзделген іс-әрекеттерді жасау арқылы ақылы білім беру қызметтерін алуға келісе отырып, осы Шарттың талаптарын толық және сөзсіз (акцепт) қабылдаған болып есептеледі.
ЖК«SAMGA EDUCATION» бұдан былай «Орындаушы» деп аталатын, білім беру орталығының директоры Жақсылық Әлішер Әбілханұлы бір тараптан, бұдан былай «Тапсырыс беруші» деп аталатын Қазақстан Республикасының азаматы, ЖСН_________________________аты-жөні_______________________________________, екінші тараптан, бірлесе Тараптар деп атала отырып, төмендегі Шартты жасасты:
1 Шарт тақырыбы
1.1 Осы Шарт бойынша Орындаушы Тапсырыс берушінің бұдан былай «студент» деп аталатын ЖСН__________________________, аты-жөні______________________________________ ____________________ тарифы бойынша оқыту, білім беру қызметтерін ұсынады, ал Тапсырыс беруші оған төлем жасайды.
1.2 Орындаушы оқытуды қазіргі таңдағы күші бар стандарттар мен талаптарға сай жүргізеді және Білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының соңғы бағдарламаларын қолданады.
1.3 Қызмет көрсету мерзімі ___________________________ аралығында жүреді.
1.4. Осы тариф шеңберінде Студенттің жинай алатын жалпы максималды ұпай саны — 181 (жүз сексен бір) балл.
1.5. Минималды шекті ұпай — 163 (жүз алпыс үш) балл, яғни жалпы мүмкін болатын ұпайдың кемінде 90%.
2 Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2.1. Орындаушыға келесі міндеттемелер жүктеледі:
2.1.1. Қызметтерді Тапсырыс берушіге толық көлемде, белгіленген мерзімдерде және қажетті сапада, өз күштерімен және құралдарымен, осы Шарт талаптарына сәйкес көрсетуге;
2.1.2. Тапсырыс берушіге осы Шарт тақырыбына қатысты толық ақпаратты беріп отыруға, Тапсырыс берушіні осы Шарт тақырыбына қатысты барлық жаңа фактілер туралы хабардар етіп отыруға;
2.1.3. Тапсырыс беруші Шартты орындау барысында ескертулері болған немесе қателерді анықтаған жағдайда оларды Тапсырыс берушімен келісілген мерзімдерде түзетуге;
2.1.4. Біліктілікке ие ұстаздармен қамтамасыз етуге;
2.1.5. Сабақты курс бағдарламасына және сабақтар кестесіне сәйкес өткізу;
2.1.6. Студенттің өзіндік оқуы барысында оған тапсырмалар беруге;
2.1.7. Студенттің құқығын шектемеу, заң және этика нормаларын сақтау;
2.1.8. Студенттің жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеу.
2.2. Орындаушы құқылы:
2.2.1. Тапсырыс берушіден осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды талап етуге;
2.2.2. Оқу бағдарламасын белгілеп оған өзгерістер енгізуге;
2.2.3. Қызмет көрстеуге үшінші тұлғаларды тартуға (оқытушылар, кураторлар және т.б.);
2.2.4. Студент тәртіпті бұзса, оқу барысына кедергі келтірсе, қызмет көрсетуді уақытынан ерте тоқтатып Келісімшартты бұзуға;
2.2.5. Оқыту барысында тәртіп бұзған Стунденке қатысты тәртіптік шараларды қолдануға;
2.3. Тапсырыс беруші келесі міндеттемелерді орындауды жүктенеді:
2.3.1. Студенттің сабақтарға уақытылы қатысуын қадағалау әрі жағдай жасау, соның ішінде техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету (қажетті интернет байланысы, смартфон немесе компьютер және т.с.с.);
2.3.2. Студенттің Оқу орталығымен бекітілген жоспар бойынша сабақтарға уақытылы қатысуын және оларға дайындалуын қамтамасыз ету;
2.3.3. Студенттің берілген тапсырмаларды уақытында орындап
2.3.4. Студенттің өтетін мотивациялық тікелей эфирлерге қатысып жүруін қамтамасыз ету;
2.3.5. Студент арнайы ашылған чаттардағы хабарламаларды оқып отыруын қамтамасыз ету. Ол чаттарда орынсыз жазбауды қамтамасыз ету. Студентпен чаттарда өзге курстарды, бәсекелес өнімдерді жарнамалауды болдырмау;
2.3.6. Студенттің №1 Қосымшада бекітілген Курс ережелеріндегі өзге де талаптардың орындауын қамтамасыз ету;
2.3.7. Төлемді осы Шарт талаптарына сәйкес дер кезінде жүзеге асыруға;
2.3.8. Оқу орталығының авторлық материалдарын өзге тұлғаларға таратпау және Студентпентаратуды болдырмау. Оқу орталығының авторлық құқығы бұзылған жағдайда ол Тапсырыс берушіден 100 Айлық есептік мөлшердегі өтемақыны талап ете алады (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 49-б., 1-п., 6-т.)
2.4. Студент міндетті:
2.4.1. Білімді оқу бағдарламасына сәйкес меңгеруге;
2.4.2. Кесте бойынша барлық сабақтарға қатысып, ұстаздардың оқу бағдарламасы бойынша тапсырған барлық тапсырмаларын орындауға;
2.4.3. Барлық қызметкерлерді, ұстаздарды, кураторларды және өзге студенттерді құрметтеуге;
2.4.5. Ішкі ережелер мен тәртіпті сақтауға және оқу мекемесінің мүлігін ұқыпты пайдалануға;
2.4.6. Өзінің ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге.
3 Грант гарантиясы
3.1. Орындаушы “VIP” тарифында дайындық бағдарламасына сәйкес дайындық курсын беруге міндетті;
3.1.1. Осы Шарт аясында грант кепілдігі Студенттің төменде көрсетілген 17 (он жеті) міндетті талаптың барлығын орындауы және кемінде 163 балл жинауы жағдайында ғана жарамды болып есептеледі.
3.2. 31.08.2026 күніне дейін “VIP” тарифы жүреді, 31.08.2026 күнінен кейін “VIP” тарифы “PRO” тарифны ауысады;
3.3. Грант гарантиясы беріледі:
3.3.1. Студент оқу бағадарламасына сәйкес платформадағы барлық видео-сабақтарды арнайы сабақ-кестесі бойынша көрген жағдайда;
3.3.2. Студент оқу бағадарламасына сәйкес платформадағы барлық видео-сабақтарға конспект жазып, куратораға уақытылы жіберіп отырған жағдайда;
3.3.3. Студент оқу бағадарламасына сәйкес барлық видео-сабақтардан соң берілетін тесттерді орындаған жағдайда; 3.3.4. Студент оқу бағадарламасына сәйкес барлық лайв сабақтарға қалдырмай қатысқан жағдайда;
3.3.5. Ұстаз берген барлық тақырыптарды және берілген үй жұмыстарын қалдырмай орындаған жағдайда;
3.3.6. Аптада 1 рет болатын “Quizziz” сөз жаттау жарысына қатысқан жағдайда;
3.3.7. Лайв сабақта видеоны қосып отыру (мүмкін болмаса, тек жауап беріп отыру), сабаққта жауап беріп отыру;
3.3.8. Кураторға әр аптада уақытылы апталық отчет берген жағдайда;
3.3.9. Куратордың айтқаны бойынша тестке тіркелген жағдайда;
3.3.10. Нағыз тестке бару міндетті, нағыз тестте 0 алмаған жағдайда;
3.3.11. Кураторға уақытылы документтерді жинап берген жағдайда;
3.3.12. Барлық консультациялық сабақтарға қатысқан жағдайда;
3.3.13. Университет таңдау кезінде 3 университеттің 2 университеттін Samga Education таңдап берген жағдайда;
3.3.14. М078 мамандығы бойынша тек “Ағылшын”, “ТГО” және “Мемлекет және құқық теориясы” пәндеріне проходной баллға гарантия беріледі.
3.4. Міндетті талаптар (17 пункт):
3.4.1. Шартты толтыру және қол қойылған нұсқасын жіберу — 1 балл.
3.4.2. Курс құнын толық төлеу — 1 балл.
3.4.3. Live-консультациялар — курс барысында 2 рет. Екеуіне де толық қатысу міндетті.
3.4.4. Live-сабақтарға қатысу тәртібі (барлық пәндер бойынша: Ағылшын тілі және ТГО) — сабақтың басынан соңына дейін үздіксіз қатысу. Кіру-шығу немесе қысқа уақыт қатысу қатысқан болып есептелмейді.
3.4.5. Ағылшын тілі бойынша Live-сабақтар — 20 сабақ. Минималды қатысу — кемінде 16 сабақ.
3.4.6. Ағылшын тілі бойынша үй тапсырмалары — 20 тапсырма. Әр тапсырма сабақтан кейін 20 сағат ішінде орындалуы тиіс.
3.4.7. Ағылшын сөздерін жаттау ойындары — 8 рет. Минималды қатысу — кемінде 6 рет.
3.4.8. ТГО пәні бойынша Live-сабақтар — 12 сабақ. Минималды қатысу — кемінде 9 сабақ.
3.4.9. ТГО пәні бойынша үй тапсырмалары — 12 тапсырма. Әрқайсысы 20 сағат ішінде орындалуы тиіс.
3.4.10. Пробный тесттер (Ағылшын + ТГО) — 8 рет. Әр тест 24 сағат ішінде тапсырылуы тиіс.
3.4.11. Тесттерді талдау (разбор) — әр материал 12 сағат ішінде қаралып, қателермен жұмыс жүргізілуі тиіс.
3.4.12. Барлық пәндер бойынша жалпы тест — 1 рет. Тапсыру мерзімі — 48 сағат.
3.4.13. 1-бейінді пән бойынша апталық жоспарды орындау — 8 рет.
3.4.14. 1-бейінді пән бойынша фотоесеп (қолмен жазылған конспекттің фотосуреті) — 8 рет. Жоспар жіберілген күннен бастап 7 күн ішінде тапсырылуы тиіс.
3.4.15. 2-бейінді пән бойынша апталық жоспарды орындау — 8 рет.
3.4.16. 2-бейінді пән бойынша фотоесеп (қолмен жазылған конспекттің фотосуреті) — 8 рет. Жоспар жіберілген күннен бастап 7 күн ішінде тапсырылуы тиіс.
3.4.17. Кураторға күнделікті есеп — 8 апта (56 күн). Минимум — 50 күн. Күн сайын сағат 23:00-ге дейін жіберілуі тиіс.
3.4. Грант гарантиясы берілмейді:
3.4.1. Студент оқу бағадарламасына сәйкес барлық лайв сабақтарға белгілі бір себепсіз 2 сабақтан артық қалған жағдайда;
3.4.2. Студент келісімшарттың 3.3. және 3.4 пунктындағы барлық міндеттемелерді орындамаған жағдайда;
3.4.3. Samga Education берген пробный тесттерді (12 тест) 24 сағаттың ішінде тапсырмаған жағдайда;
3.4.3.1. 1 пробный тестті белгілі бір себеппен қалса және кураторды ескерткен жағдайда қайтарылады;
3.4.4. USTUDY пробный тесттерін (5 тест) 3 күн ішінде тапсырмаған жағдайда;
3.4.5. Студент 3.4. пунктындағы талаптардың кез келгенін орындамаған жағдайда немесе 163 балдан төмен жинаса, грант кепілдігі қолданылмайды.
3.5. М019 «Шет тілі педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ төменде көрсетілген білім беру бағдарламалары мен шығармашылық бағыттағы мамандықтарға грант кепілдігі қолданылмайды:
— М056 «Аударма ісі»;
— М059 «Халықаралық қатынастар»;
— М064 «Журналистика»;
— М072 «Дизайн»;
— М078 «Құқық»;
3.5. Оқу ақысы және есеп айырысу тәртібі
3.5.1. Студент оқу курс құны _________ тенге.
3.5.2. Тапсырыс беруші жақтан болған себептермен Студент сабаққа қатыспаса, кешігіп келсе ол сабақтар үшін төлем қайтарылмайды.
3.5.3. Келісімшарттың 2.2.3 пунктімен көзделген жағдайлар туындаған жағдайда курс үшін алдын-ала төленген соммалар қайтарылмайды.
3.5.4. Студент курсты толық бітірмеген жағдайда курс үшін алдын-ала төленген соммалар қайтарылмайды.
3.5.5. Шарттың 100% орындалса 100% курс көрсетілген курс бағасы көлемінде төлем қайтарылады;
4 Оқу ақысы және есеп айырысу тәртібі
4.1. Студент оқу курс құны _________ тенге.
4.2. Тапсырыс беруші жақтан болған себептермен Студент сабаққа қатыспаса, кешігіп келсе ол сабақтар үшін төлем қайтарылмайды.
4.3. Келісімшарттың 2.2.3 пунктімен көзделген жағдайлар туындаған жағдайда курс үшін алдын-ала төленген соммалар қайтарылмайды.
4.4. Студент курсты толық бітірмеген жағдайда курс үшін алдын-ала төленген соммалар қайтарылмайды.
5 Құпиялық шарты
5.1. Келісімшарт және оның қосымшалары, қызмет көрсету жайлы барлық ақпарат (құны, нысаны, қолданылатын бағдарламалар мен материалдар) құпия ақпарат болып саналады.
5.2. Тараптар құпия ақпараттарды, заңмен көрсетілген жағдайларды ескермегенде, үшінші тұлғаларға жарияламауға 7міндеттенеді.
5.3. Құпиялық шартын орындамағаны үшін Тараптар заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады және келтірілген залалдар мен шығынды өндіруге міндеттенеді.
5.4. Құпиялық шарты мерзіммен шектелмеген.
6 Форс-мажор
6.1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісімшарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
6.2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
6.3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы, олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
6.4. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз салдарына қарай ұзартылады.
6.5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық амалдарды пайдаланады.
7 Қорытынды ережелер
7.1. Келісімшарт Орындаушының бастамасымен Келісімшарттың 2.2.3-пунктінің талаптарын орындамағаны үшін уақытынан ерте бұзылады.
7.2. Келісімшартты Төлем жасалған күннен бастап 3 күннен кейін бұзу мүмкін емес.
7.3. Келісімшарт бұзылған соң көрсетілген қызмет соммалары, басталып кеткен курстар құны кері қайтарылмайды.
7.4. Келісімшарт аясындағы барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі, ал шешімін таппаған жағдайда Оқу орталығының тіркелу орны бойынша сотта қаралады.
7.5. Барлық хабарламалар жазбаша электронды түрде Келісімшартта көрсетілген контактілер бойынша жіберіледі. Тараптар олардың контактілері өзгерген жағдайда екінші тарапты дереу хабардар етуі қажет.