ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
"VIP" тарифі бойынша магистратураға дайындық курсы
Осы жария оферта шарты
ЖК «SAMGA EDUCATION» директоры Жақсылық Әлішер Әбілханұлы тұлғасында ресми ұсынысы (жария оферта) болып табылады.
Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (бұдан әрі -- ҚР АҚ) сәйкес адамдардың белгісіз тобына бағытталған жария оферта болып табылады.
Оферта алушы осы Шартта көзделген іс-әрекеттерді жасау арқылы ақылы білім беру қызметтерін алуға келісе отырып, осы Шарттың талаптарын толық және сөзсіз (акцепт) қабылдаған болып есептеледі.
1. ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
Оферта/Шарт - Сайтта жарияланған немесе оферта алушыға жіберілген, онлайн ақылы білім беру қызметтерін көрсетудегі осы жария оферта шарты.
Орындаушы - ЖК «SAMGA EDUCATION»
Тапсырыс беруші - осы Шартты акцептеуді жүзеге асырған жеке тұлға.
Студент - VIP тарифі бойынша дайындыққа қатысатын тұлға.
Қызметтер - Шарт талаптарына және таңдалған оқыту бағдарламасына сәйкес Орындаушы ұсынатын оқыту бойынша білім беру қызметтері.
Акцепт - Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау бойынша Шарттың барлық талаптарын толық және сөзсіз қабылдау.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ2.1. Осы Шартқа сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушіге (Студентке) ҚР магистратурасына түсу үшін емтихандарға дайындық бойынша "VIP" тарифі бойынша курс материалдарына қолжетімділік беруге, консультациялық қолдау көрсетуге және грант гарантиясын ұсынуға міндеттенеді.
2.2. Студенттің жинай алатын жалпы максималды ұпай саны – 181 (жүз сексен бір) балл.
2.3. Минималды шекті ұпай грант гарантиясы үшін – 163 (жүз алпыс үш) балл, яғни жалпы мүмкін болатын ұпайдың кемінде 90%.
2.4. Орындаушы оқытуды қазіргі таңдағы күші бар стандарттар мен талаптарға сай жүргізеді және Білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының соңғы бағдарламаларын қолданады.
3. АКЦЕПТ ЖАСАУ ТӘРТІБІ3.1. Орындаушының офертасы Тапсырыс беруші төменде көрсетілген әрекеттердің бірін жасаған сәттен бастап қабылдаған және мақұлдаған болып есептеледі:
- Сайтта тіркеу және Шарттың талаптарын қабылдауды көрсететін іс-әрекеттер жасау;
- Осы Шартта айқындалған тәртіппен қызметтерге ақы төлеу (ҚР АҚ 396-бабының 3-тармағы).
3.2. Осы жария оферта акцептін жүзеге асыра отырып, Тапсырыс беруші Шарттың барлық талаптарымен келіседі және ҚР АҚ сәйкес Орындаушымен шарттық қатынастарға түскен тұлға ретінде қаралады.
4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ4.1. Орындаушы міндетті:
4.1.1. Тапсырыс беруші төлем ақысын төлегеннен кейін "VIP" тарифіне рұқсат беру;
4.1.2. Курс бағдарламасына сәйкес оқыту бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
4.1.3. Біліктілікке ие ұстаздармен және кураторлармен қамтамасыз ету;
4.1.4. Сабақтарды курс бағдарламасына және кестесіне сәйкес өткізу;
4.1.5. Студенттің жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеу;
4.1.6. Грант гарантиясының барлық шарттары орындалған жағдайда, төленген қаражатты толық көлемде қайтару.
4.2. Тапсырыс беруші міндетті:
4.2.1. Шарттың талаптарына сәйкес VIP тарифі үшін уақтылы төлеу;
4.2.2. Студенттің барлық Live-сабақтарға уақытылы қатысуын қамтамасыз ету;
4.2.3. Техникалық жабдықтың (компьютер, интернет) болуын қамтамасыз ету;
4.2.4. Студенттің курс материалдарын үшінші тұлғаларға таратпауын қамтамасыз ету. Бұзылған жағдайда 1 000 000 (бір миллион) теңге айыппұл төлеу;
4.2.5. Студенттің барлық тапсырмаларды уақытында орындауын қамтамасыз ету;
4.2.6.
Орындаушының іскерлік беделін қорғау міндеттемесін сақтау (осы Шарттың 4.3 тармағына сәйкес).4.3. ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДІ ҚОРҒАУ
4.3.1. Тапсырыс беруші және Студент
міндетті:а) Орындаушыға қатысты кез келген шағымдар, наразылықтар немесе дауларды АЛДЫМЕН тікелей Орындаушыға жазбаша түрде жіберу (электронды пошта, чат, байланыс нысандары арқылы);
б) Орындаушыға мәселені шешуге 5 (бес) жұмыс күні мерзім беру;
в) Әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok, YouTube, Telegram және т.б.), пікір платформаларында, форумдарда және басқа да қоғамдық интернет-ресурстарда Орындаушы туралы заведомо жалған, жала жабу сипатындағы немесе іскерлік беделге нұқсан келтіретін ақпаратты жарияламау;
г) Курс материалдарының, оқу әдістемелерінің, ішкі құжаттардың, куратормен хат алмасулардың скриншоттарын немесе бейнежазбаларын Орындаушының жазбаша рұқсатынсыз жариялауға тыйым салынады;
д) Орындаушының немесе оның қызметкерлерінің (оқытушылар, кураторлар) жеке өміріне қатысты ақпаратты жариялауға тыйым салынады.
4.3.2.
Дұрыс емес пікір деп саналмайды:а) Субъективті пікір, егер ол дәлелдер мен нақты фактілермен негізделсе және жала жабу элементтерін қамтымаса;
б) 4.3.1-тармағының "а" және "б" талаптары орындалғаннан кейін, Орындаушымен мәселе шешілмеген жағдайда, объективті негізделген пікір;
в) Мемлекеттік органдарға (Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті, Білім министрлігі және т.б.) жазбаша шағымдар.
4.3.3.
Міндеттеме бұзылған жағдайда жауапкершілік:а) Тапсырыс беруші осы тармақтың 4.3.1-талаптарын бұзған жағдайда, Орындаушыға 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті;
б) Егер жарияланған ақпарат Орындаушыға елеулі залал келтірсе (клиенттер саны азаюы, беделге нұқсан), Орындаушы нақты келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы;
в) Айыппұл төлеу Орындаушының жала жабушылық ақпаратты жою және ашық кешірім сұрауды талап ету құқығын алып тастамайды;
г) Қайталанған бұзушылық жағдайында айыппұл екі есе артады.
4.3.4.
Конструктивті пікірлерді қолдау: Орындаушы Тапсырыс берушінің қызметті жақсартуға бағытталған, сыпайы түрде берілген, құпия ақпаратты қамтымайтын және алдын ала Орындаушымен талқыланған кез келген сыни пікірлерді құрметтейді.
5. ГРАНТ ГАРАНТИЯСЫ
5.1. Грант гарантиясы Студенттің төменде көрсетілген 17 (он жеті) міндетті талаптың барлығын орындауы және кемінде 163 балл жинауы жағдайында ғана жарамды.
5.2. МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР (17 пункт):
5.2.1. Шартты толтыру және қол қойылған нұсқасын жіберу – 1 балл.
5.2.2. Курс құнын толық төлеу – 1 балл.
5.2.3. Live-консультациялар – курс барысында 2 рет. Екеуіне де толық қатысу міндетті.
5.2.4. Ағылшын тілі бойынша Live-сабақтар – 20 сабақ. Минималды қатысу – кемінде 16 сабақ.
5.2.5. Ағылшын тілі бойынша үй тапсырмалары – 20 тапсырма. Әр тапсырма сабақтан кейін 20 сағат ішінде орындалуы тиіс.
5.2.6. Ағылшын сөздерін жаттау ойындары – 8 рет. Минималды қатысу – кемінде 6 рет.
5.2.7. ТГО пәні бойынша Live-сабақтар – 12 сабақ. Минималды қатысу – кемінде 9 сабақ.
5.2.8. ТГО пәні бойынша үй тапсырмалары – 12 тапсырма. Әрқайсысы 20 сағат ішінде орындалуы тиіс.
5.2.9. Пробный тесттер (Ағылшын + ТГО) – 8 рет. Әр тест 24 сағат ішінде тапсырылуы тиіс.
5.2.10. Тесттерді талдау – әр материал 12 сағат ішінде қаралуы тиіс.
5.2.11. Барлық пәндер бойынша жалпы тест – 1 рет. Тапсыру мерзімі – 48 сағат.
5.2.12. 1-бейінді пән бойынша апталық жоспарды орындау – 8 рет.
5.2.13. 1-бейінді пән бойынша фотоесеп (конспект) – 8 рет. Жоспар жіберілген күннен бастап 7 күн ішінде.
5.2.14. 2-бейінді пән бойынша апталық жоспарды орындау – 8 рет.
5.2.15. 2-бейінді пән бойынша фотоесеп (конспект) – 8 рет. Жоспар жіберілген күннен бастап 7 күн ішінде.
5.2.16. Кураторға күнделікті есеп – 8 апта (56 күн). Минимум – 50 күн. Күн сайын сағат 23:00-ге дейін жіберілуі тиіс.
5.2.17. Нағыз тестке бару міндетті, нағыз тестте 0 алмаған жағдайда.
5.3. Грант гарантиясы БЕРІЛМЕЙДІ:
5.3.1. Студент 5.2 пунктындағы талаптардың кез келгенін орындамаған жағдайда;
5.3.2. Студент 163 балдан төмен жинаса;
5.3.3. М019 «Шет тілі педагогтерін даярлау» және М078 «Құқық» мамандықтарына (тек проходной баллға);
5.3.4. М056 «Аударма ісі», М059 «Халықаралық қатынастар», М064 «Журналистика», М072 «Дизайн» мамандықтарына;
5.3.5.
Тапсырыс беруші осы Шарттың 4.3-тармағын бұзған жағдайда.6. ОҚУ АҚЫСЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ6.1. "VIP" тарифінің құны – __________ теңге.
6.2. Төлем Орындаушының банктік шотына ақша аударымымен жүзеге асырылады.
6.3. Тапсырыс беруші жақтан болған себептермен Студент сабаққа қатыспаса, ол сабақтар үшін төлем қайтарылмайды.
6.4. Студент курсты толық бітірмеген жағдайда алдын-ала төленген соммалар қайтарылмайды.
6.5.
Грант гарантиясы шарттары 100% орындалса, төленген соманың 100% қайтарылады, кемінде 163 балл жинап, магистратураға қабылдау емтиханынан өту балын ала алмаған жағдайда.
7. ҚҰПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР7.1. Тапсырыс беруші Орындаушыға қызмет көрсету мақсатында дербес деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану құқығын береді.
7.2. Келісімшарт және қызмет көрсету жайлы барлық ақпарат құпия болып саналады және үшінші тұлғаларға жарияланбайды.
7.3. Құпиялық шартын орындамағаны үшін Тараптар заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады.
8. ФОРС-МАЖОР8.1. Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (табиғи апаттар, соғыс, пандемиялар) салдарынан міндеттемелерді орындамағаны үшін жауап бермейді.
8.2. Форс-мажор жағдайы туындаған Тарап екінші тарапты 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
9. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР9.1. Осы Шарт оны акцептеген сәттен бастап күшіне енеді және курс аяқталғанға дейін қолданылады.
9.2. Келісімшартты төлем жасалған күннен бастап 3 күннен кейін бұзу мүмкін емес.
9.3. Шарт аясындағы барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі, ал шешімін таппаған жағдайда Орындаушының тіркелу орны бойынша сотта қаралады.
9.4. Шартта реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
9.5.
Осы Шарттың 4.3-тармағы (іскерлік беделді қорғау) Шарт аяқталғаннан кейін де 3 (үш) жыл бойы қолданылады.10. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІЖК «SAMGA EDUCATION»
Директор: Жақсылық Әлішер Әбілханұлы
ЖСН: 980521300510
Мекенжайы: Қарағанды қ., ПИЩЕВАЯ, дом 9
Тел: +7 747 123 55 00
Барлық шарттарды оқып, келісемін және қабылдаймын.
Тапсырыс беруші: _______________________________
ЖСН: _______________________________
Күні: «___» ____________ 202__ жыл